АҢЫЗ БА, ӘЛДЕ АҚИҚАТ ПА?

    Экологиялық тексерулер тек азаматтардың шағымдары негізінде ғана жүргізіле ме? Бірге анықтайық!

    2026 жылғы 8 қыркүйектен бастап №340 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, I және II санаттағы объектілерге қатысты мемлекеттік экологиялық бақылау Экологиялық кодекспен реттеледі.

    Экологиялық кодекстің 174–174-2-баптарына сәйкес бақылаудың мынадай түрлері қарастырылған:

    🔹 Қашықтан бақылау – объектіге бармай-ақ экологиялық есептілікті, спутниктік деректерді және өзге де мәліметтерді талдау.

    🔹 Кешенді тексерулер – объектінің тәуекел дәрежесін ескере отырып, бекітілген кесте бойынша жүргізіледі.

    🔹 Жоспардан тыс тексерулер – заңды негіздер болған жағдайда, оның ішінде азаматтар мен мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша тағайындалады.

    🔹 Автоматтандырылған мониторинг – ластаушы заттардың шығарындыларын нақты уақыт режимінде үздіксіз бақылау.

    Ал III және IV санаттағы объектілерге қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144–144-2-баптары қолданылады. Олар мыналарды қамтиды:

    ▪️ бекітілген кесте бойынша тексерулер;
    ▪️ заңды негіздер болған жағдайда жоспардан тыс тексерулер;
    ▪️ құжаттар мен есептілікті талдау арқылы объектіге бармай профилактикалық бақылау;
    ▪️ тәуекел дәрежесін ескере отырып, объектіге бару арқылы профилактикалық бақылау.

    Қорытынды: бұл – аңыз! Экологиялық тексерулер тек азаматтардың шағымдары негізінде жүргізілмейді. Заңнамада мемлекеттік экологиялық бақылаудың бірнеше түрі қарастырылған. Ал азаматтардың өтініштері жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болатын себептердің бірі ғана.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" жаңалықтары