Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік

    Қоршаған ортаны қорғау – мемлекет пен қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Экологиялық талаптарды сақтау – әрбір азаматтың, жеке кәсіпкердің және заңды тұлғаның міндеті.

    Қазақстан Республикасында экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген.

    📌 Экология саласындағы ең көп таралған құқық бұзушылықтарға мыналар жатады:

    * қалдықтарды белгіленбеген орындарға орналастыру және стихиялық қоқыс үйінділерін қалыптастыру;
    * қалдықтарды жинау, жинақтау, тасымалдау және кәдеге жарату талаптарын бұзу;
    * ластаушы заттардың шығарындылары бойынша белгіленген нормативтерден асып кету;
    * қажетті экологиялық рұқсатсыз қызметті жүзеге асыру;
    * өндірістік объектілерді пайдалану кезінде белгіленген экологиялық талаптарды сақтамау.

    📌 Аталған құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік айыппұлдар көзделген. Айыппұл мөлшері құқық бұзушылықтың сипатына және кәсіпкерлік субъектісінің санатына байланысты белгіленеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" жаңалықтары