TazaQazBot – қалалық ортаны жақсартуға арналған цифрлық құрал

    2024 жылғы маусым айынан бастап жұмыс істеп келе жатқан TazaQazBot чат-боты тұрғындарға қалалардың экологиялық жағдайын жақсартуға, абаттандыру деңгейін арттыруға және қоғамдық кеңістіктердің жай-күйіне қатысты мәселелерді жедел хабарлауға мүмкіндік береді.

    Тұрғындар заңсыз қоқыс үйінділері, қоқыс контейнерлерінің толып кетуі, көше жарығының істен шығуы, жол жамылғысының бүлінуі және өзге де абаттандыру мәселелері туралы чат-бот арқылы хабарлай алады.

    Өтініш жолдау үшін анықталған мәселенің фотосуретін тіркеп, орналасқан жерін көрсетіп, қысқаша сипаттама беру қажет. Келіп түскен өтініштер қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін құзыретті мемлекеттік органдарға жолданады.

    Чат-бот іске қосылғаннан бері барлығы 24 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Оның ішінде 22 мыңнан көп өтініш орындалды, бұл жалпы өтініштердің 91,8%-ын құрайды.

    TazaQazBot – тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты нығайтуға, қалалық инфрақұрылымның жай-күйін жақсартуға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған тиімді құрал.

    Қалаларымыздың тазалығы мен жайлылығын қамтамасыз ету – ортақ міндет. Әрбір тұрғынның белсенділігі мен жауапкершілігі қолайлы әрі қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті" жаңалықтары