Елестетіп көріңіз: кәсіпорынның қызметі салдарынан топырақ ластанды, өзенге зиян келді немесе жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне залал тиді. Мұндай жағдайда оның салдарын кім жоюы керек және шығынды кім өтейді?
📌 Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде нақты бекітілген.
Кодекстің 136-бабына сәйкес, «ластаушы төлейді» қағидаты қолданылады. Яғни қоршаған ортаға залал келтірген әрекеті немесе қызметі үшін жауапты тұлға өз қаражаты есебінен келтірілген залалды толық көлемде жоюға міндетті.
⚖️ Нені білу маңызды?
🔹 Жауапкершілік айыппұл төлеумен шектелмейді. Әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту кінәлі тұлғаны экологиялық залалды жою міндетінен босатпайды.
🔹 Табиғатты қалпына келтіру қажет. Мәселе тек ақша төлеуде емес, қоршаған ортаның бүлінген құрамдас бөліктерін қалпына келтіру үшін қажетті шараларды қабылдауда.
🔹 Дәлелдер маңызды. Экологиялық залалды жою міндетін жүктеу үшін зиян келтірген тұлғаны, оның әрекеті мен келтірілген залал арасындағы себеп-салдарлық байланысты, сондай-ақ залалдың өзін анықтау қажет. Залал нақты айқындалып, мөлшері өлшенетін болуы тиіс.
Негізгі қағида қарапайым: табиғатқа келтірілген залал назардан тыс қалмауы керек. Ал заңда көзделген жағдайларда оны жоюға жұмсалатын шығынды сол залалды келтірген тұлға көтереді.
📖 Құқықтық негіз: Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 131 және 136-баптары.
Заңды білу — өз құқықтарыңды ғана емес, қоршаған ортаны сақтауға қатысты жауапкершілігіңді де түсіну.









