Республика күні қарсаңында Қазақстанның барлық аймақтарында экологиялық акция өткізілді 🌿
🌱 Республика күні қарсаңында бүкілұлттық «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Қазақстанның барлық аймақтарында аумақтарды тазалау және ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өткізілді.
🤝 Іс-шараларға студенттер, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және аумақтық экология департаменттерін қоса алғанда, 353 мыңнан астам адам қатысты.
🧹 Акцияға қоғамдық орындарды тазалау және көшеттер отырғызу кірді. Қатысушылар бірлесіп аумақтарды қоқыстардан тазартып, елді мекендерді көгалдандыруға үлес қосты.
📊 Акция нәтижесінде:
• 🗑️ 32 мыңнан астам тонна қоқыс жиналып, шығарылды;
• 🌍 189 мыңнан астам гектар тазартылды;
• 🌳 27 мыңнан астам ағаштар мен бұталар отырғызылды;
• ♻️ 1,8 мыңнан көп тонна қалдықтар қайта өңделді.
🌿 Акция «Таза Қазақстан» бастамасы бойынша жүйелі жұмыстың бөлігі болып табылады және азаматтар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыруға, табиғатқа құрмет көрсету мәдениетін дамытуға және қоршаған ортаны жақсартуға ықпал етеді.
Ұқсас іс-шаралар еліміздің барлық аймақтарында өткізіле береді.









