Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 19 қарашада МКК қызметтері мен сервистері порталының домендік мекенжайын portal.kgd.gov.kz-данkgd.gov.kz-ғаөзгерту бойынша техникалық жұмыстар жүргізу жоспарланғанын хабарлайды.
Домендік мекенжайдың өзгеруіне байланысты пайдаланушылар Порталмен интеграциялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін өзінің цифрлық жүйелерін баптаудағыбарлық жария API-сервистердің мекенжайын жаңартуықажет.
Ол үшін мынадай өзгерістерді енгізу қажет:
Барлық API endpoint, конфигурациялар мен интеграция баптауларындаhttps://portal.kgd.gov.kz/базалық URLhttps://kgd.gov.kz/ауыстыру қажет.
Мысалы, «Контрагенттербойыншамәліметтер» API-сервисі үшін:
Ағымдағы мекенжай:
https://portal.kgd.gov.kz/services/isnaportal/public/get-sur-data
Жаңа мекенжай:
https://kgd.gov.kz/services/isnaportal/public/get-sur-data
Бұл ретте /services/isnaportal/public/get-sur-data жолы және X-Portal-Token авторизация тақырыбы өзгеріссіз қалады.
Үздіксізинтеграциялық өзара іс-қимылдың қамтамасыз ету мақсатында өтпелі кезең көзделген,осы кезеңде API-сервистерекідомендік мекенжайлар–portal.kgd.gov.kz және kgd.gov.kzбойыншабір мезгілде қолжетімді болады.
Домендік мекенжай өзгертілгеннен кейін интеграциялардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті техникалық іс-шараларды алдын ала жүргізуді ұсынамыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









