Бүгін Талдықорған қаласына қарасты Мойнақ ауылындағы орта мектепте полиция қызметкерлері оқушыларға құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында тәртіп сақшылары оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ есірткі заттарының адам денсаулығы мен болашағына тигізетін зияны туралы түсіндірді.
Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу, құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік және заң талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Полиция қызметкерлері оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жас ұрпақтың құқықтық санасын қалыптастыруға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









