Целиноград ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

    1 / 3

    Целиноград ауданы әкімінің аппаратында қоғам өкілдері мен мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

    Дөңгелек үстелді Департамент басшысының орынбасары Райхан Братаева жүргізді.

    Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың заманауи тәсілдері, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және қоғамда адалдық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

    Өз кезегінде Целиноград ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Эльмира Әділова ауданда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және адалдық мәдениетін қалыптастыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндап, жүзеге асырылып жатқан шаралар мен тәжірибелерге тоқталды.

    Сондай-ақ қатысушылар мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен есептілігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру және осы бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде пікір алмасты.

    Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушыларға өзекті мәселелерді талқылап, ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік берді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Целиноград ауданының әкімдігі" жаңалықтары