11 қарашада Шет ауданында «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық байқауының І кезеңі өтті. Іс-шара Ақсу-Аюлы ауылындағы Аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылды.
Байқау Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Мақсаты – қазақ халқының рухани қазынасын жас ұрпаққа жеткізу, халық ауыз әдебиетін насихаттау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және патриоттық сезімді арттыру.
Шет ауданы бойынша 90-ға жуық оқушы өнерін көрсетті. Ашылу салтанатында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Алма Қабыкенқызы Шалабаева құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жүлдегерлерді қазылар алқасы анықтады. Қазылар алқасының төрағасы – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Саржан Уахитұлы Такиров. Алқа құрамында:
🔹 Амангельдин Берікбол Дәулетұлы – Шет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, ақын, аудандық, облыстық жыр мүшәйраларының жүлдегері;
🔹 Асанова Гүлшат Карибаевна – Сыдық Мұхамеджанов атындағы балалар өнер мектебінің директоры;
🔹 Нурахметов Азамат Амантайұлы – Шет аудандық орталықтандырылған кітапхананың қызметкері, облыстық шешендік өнер, республикалық «Үздік кітапханашы» байқауларының жүлдегері.
Байқау қорытындысымен жүлдегерлер анықталды:
🥇 І орын – Саябекқызы Нұрсая, Хасен Сәрінжіпұлы атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы (150 000 теңге);
🥈 ІІ орын – Құсайын Нұржігіт Сержанұлы, Қызылтау негізгі орта мектебінің 6-сынып оқушысы (100 000 теңге);
🥉 ІІІ орын – Ермекқали Гүлсезім Сәулетқызы, Ақжал негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы (70 000 теңге).
Жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алды.
#ШетАуданы #ТұлпарМініпТуАлған #АлпамысБатыр #ЖатқаАйту
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









