Шахтинск қаласында Алпамыс батыр жыры қайта жаңғырды

    1 / 9

    Шахтинск қаласында «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық байқауының І кезеңі өтті. Оқыту тіліне қарамастан жалпы білім беретін мектептердің 6–10 сынып оқушылары «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып, өз өнерлерін ортаға салды.

    Қазылар алқасын Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Жансая Жаңғазыұлы Жарлығапов басқарды. Алқа құрамында Шахтинск қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Бастау» оқу-әдістемелік орталығы директорының міндетін атқарушы Сәндібек Жәнібекұлы Уристемов, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университеті Студенттер үйінің директоры, Қарағанды қаласының қоғамдық кеңес мүшесі Бектас Бақытұлы Жұман және Қарағанды облысы білім басқармасының «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ «№2 ЖББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Есбол Советұлы Закенов болды.

    Жүлделі орындарды Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейдің шәкірттері иеленді:

    🥇 І орын – Үмбетай Аида, ұстазы Мейрамгүл Кузембаева – 150 000 теңге

    🥈 ІІ орын – Айбатқызы Аққу, ұстазы Айжан Каржасова – 100 000 теңге

    🥉 ІІІ орын – Жорабек Дәулет, ұстазы Нұркен Касенов – 70 000 теңге

    Байқау Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен және Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен өтуде. Облыстық кезеңнің І орын иегері 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық және де «SDU University» білім грантын иеленеді.

    Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

    📍 Байқаудың ІІ кезеңі 9 желтоқсанда Қарағанды қаласында өтеді.

    🏆 Марапаттау рәсімі 15 желтоқсанда өткізіледі.

    #Тұлпармініптуалған #Алпамысбатыр #Қарағанды #Шахтинск

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" жаңалықтары