Мектепішілік кезең: ерекше балалар «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтты

    1 / 3

    Қарағанды қаласындағы №1 арнайы мектеп-интернатта «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық байқауының «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтудан мектепішілік кезеңі өтті. Байқау облыстың арнайы мектептері мен балаларды қолдау орталықтарының 6-10 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылуда. Мақсаты – халық ауыз әдебиетін насихаттау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, патриоттық сезімді арттыру және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.

    Көлемді эпостың жолдарын жатқа айту – үлкен ізденіс пен төзімділікті қажет ететін жұмыс. Ерекше қатысушылар Сүлеймен Жанбыршин нұсқасындағы «Алпамыс батыр» жырын жаттап, өз өнерлерін көрсетіп, өзара сайысқа түсті. Мұның артында үлкен ынта, ниет және күнделікті қажырлы дайындық тұр.

    Сайыс соңында үздік орындаған оқушыларға грамоталар табыс етіліп, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.

    Ұлттық рухты ұлықтайтын жыр – ерекше балалардың жүрегінде де жалғаса берсін! 🇰🇿

    #тұлпармініптуалған #тілдамытубасқармасы #АлпамысБатыр #Қарағанды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" жаңалықтары