«Алпамыс батыр» жырын жатқа айтудан жүлдегерлер анықталды

    1 / 20

    Қарқаралыда 17 қарашада «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық жобасының аудандық кезеңі өтті. Байқау Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен және облыстың тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Ашылу салтанатында басқарма басшысы Алма Қабыкенқызы Шалабаева қатысушыларға сәттілік тіледі.

    Аудан бойынша бұл жобаға 37 мектептен 520 оқушы мен 210 жетекші тіркеліп, үлкен қызығушылық танытты. Ал іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, сайыс сахнасында «Алпамыс батыр» дастанын жатқа айтудан 74 бала бақ сынады. Жырды кідірмей, мүдірмей оқу, толық жаттау және мәнерлеп айту басты өлшем болды.

    Қазылар алқасы:

    👤 Төраға: Райхан Налжігітқызы Исмайлова – Қарағанды қаласындағы «Bolashaq» Академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының магистрі

    👤 Сайлау Әлиұлы – Қарқаралы аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Мәдениет саласының үздігі»

    👤 Несіпхан Жақанұлы Темірғалиев – Қарқаралы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

    👤 Қанат Мұхамед Серікұлы – Конфессияаралық қатынастар мәселесін зерттеу және талдау секторының меңгерушісі

    Жүлдегерлер:

    🥇 I орын – Несіпбай Жалғас Жанболатұлы, Бесоба ауылының 8-сынып оқушысы (жетекшісі Торегелдина Қарлығаш Қарибекқызы). 150 000 теңге

    🥈 II орын – Тұрсын Ая Айдынқызы, Бесоба ауылының 9-сынып оқушысы (жетекшісі Аширбеков Айдын Тұрсынұлы). 100 000 теңге

    🥉 III орын – Рымбай Ақпейіл, Қарағайлы кентіндегі №17 мектептің 9-сынып оқушысы (жетекшісі Досжанова Саягүл Ерболқызы). 70 000 теңге

    Жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезеңде бірінші орын иегері 1 000 000 теңге және «SDU University» тегін білім грантын иеленеді, ІІ орын – 500 000 теңге, ІІІ орын – 250 000 теңге. Жеңімпаздардың жетекшілері де сыйлықсыз қалмайды. Жеңімпаз кім болады? Жауабын келесі кезеңнен күтіңіз!

    Батырлар рухы – ұрпаққа аманат! 🇰🇿

    Жүлде сомалары салықтық төлемдерді қоса есептемегенде берілген.

    #Алпамыс_батыр #Тұлпар_мініп_ту_алған #Қарқаралы #Қарағанды_облысы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" жаңалықтары