«Тұлпар мініп, ту алған» облыстық байқауының І (аудандық) кезеңі өтті

    1 / 6

    17 қарашада Көкпекті ауылының мәдениет үйінде жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған» облыстық байқауының І кезеңі Бұқар жырау ауданында өтті.

    Байқауға ауданның 39 мектебінен оқыту тіліне қарамастан 6-10-сынып оқушыларының 124-і қатысты, олардың ішінде өзге этнос өкілі де бар. Қатысушылар Сүлеймен Жаңбыршин нұсқасындағы «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып, шешендік өнері мен сахна мәдениетін көрсетті.

    Қазылар алқасы:

    👤 Төраға: Саржан Уахитұлы Такиров – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты

    👤 Майгүл Насырқызы Асқарова – Бұқар жырау аудандық Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің (ОКЖ) кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері, өлкетанушы, сценарист және мәдениет қайраткері

    👤 Ақмарал Әзімбайқызы Есіргепова – «Руханият» қосымша білім беру мектебінің мұғалімі

    👤 Жанар Шарыпқызы Кусаинова – «Үштөбе тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

    Ашылу рәсімінде облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысы Алма Қабыкенқызы Шалабаева алғы сөз сөйледі.

    🏆 Жеңімпаздар:

    🥇 І орын – Құмай Нұртөре, «Ботақара ЖББМ» КММ-нің 6-сынып оқушысы. Жетекшісі – Құмай Ахан. Жүлдесі – 150 000 теңге.

    🥈 ІІ орын – Колия Аружан, «Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы ЖББМ» КММ-нің 9-сынып оқушысы. Жетекшісі – Б.Ж. Нильдибаева. Жүлдесі – 100 000 теңге.

    🥉 ІІІ орын – Жақсыкелді Інжу, «Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы ЖББМ» КММ-нің 7-сынып оқушысы. Жетекшісі – С.Ж. Баяхметова. Жүлдесі – 70 000 теңге.

    Жеңімпаздарды 9 желтоқсанда Қарағанды қаласында өтетін байқаудың ІІ кезеңінде күтеміз! 🇰🇿

    #АлпамысБатыр #ТұлпарМінипТуАлған #БатырларЖыры #Қарағанды #ТілдерДамыту

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" жаңалықтары