Алпамыс батырдың жолымен: Абайда байқаудың алғашқы жеңімпаздары анықталды

    1 / 3

    Абай қаласының Мәдениет үйінде «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық байқауының І кезеңі өтті. Жетпістен астам оқушы Сүлеймен Жанбыршин нұсқасындағы «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтып, қазылар алқасына өнерлерін көрсетті.

    Қорытынды бойынша:

    🥇 І орын – Мукей Абылай

    🥈 ІІ орын – Асқарқызы Кәусар

    🥉 ІІІ орын – Козыева Анар

    Қатысушылардың орындауын Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жансая Жарылғапов бастаған қазылар алқасы бағалады. Алқа құрамында Ержан Имашев («Орталық Қазақстан» газеті), Гүлмира Бейсенбекова (Абай аудандық орталық кітапханасы), Абай Бекейн (Топар кенті ардагерлер кеңесі) болды.

    Байқау Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен және Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен өтті.

    Шараның мақсаты – жастар арасында халық ауыз әдебиеті мен фольклорды насихаттау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, патриоттық сезімді арттыру.

    «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық байқауы Мемлекет басшысының мемлекетшілдік санасын нығайту және кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында өткізілді.

    Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

    📍 Байқаудың ІІ кезеңі 9 желтоқсанда Қарағанды қаласында өтеді.

    🏆 Марапаттау рәсімі 15 желтоқсанда өткізіледі.

    #Тұлпармініптуалған #Алпамысбатыр #Қарағанды #Абай

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" жаңалықтары