Өскемен тұрғыны бейтаныс адамдарға сеніп, алтын алқасынан айырылды

    Өскеменде телефон қуаттауды сұраған ер адам 800 мың теңгелік алтын алқаны ұрлап кеткен.

    Өскемен қаласында бейтаныс адамдарға телефон қуаттауға рұқсат берген тұрғынның 800 мың теңгелік алтын алқасы ұрланды.

    Оқиға гаражда болған. Ер адам екі бейтаныс азаматқа телефонын қуаттауға мүмкіндік берген. Осы сәтті пайдаланған олардың бірі үй иесінің заттары қараусыз қалғанын байқап, алтын алқаны қолды еткен. Жәбірленуші ұрлыққа тосқауыл қоюға әрекеттенген кезде күдікті оған күш қолданған. Есін жиған соң тұрғын алқасының жоғалғанын байқаған.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 25 жастағы күдіктіні анықтады. Белгілі болғандай, ол ұрланған алтын алқаны танысымен бірге ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны бөліскен.

    Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Полиция тұрғындарды бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде сақ болуға, жеке заттары мен бағалы бұйымдарын қараусыз қалдырмауға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары