Қазақ тілі – бірлік пен ынтымақтың тілі

    «Қазақ тілі» халықаралық қоғамы мерейтойлық X Құрылтайына қатысқан Ирина Магина пікірімен бөлісті.

    10 қараша күні Мемлекет басшысының қатысуымен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының 10 жылдығына арналған мерейтойлық құрылтай өтті. Қазақ тілін меңгерген өзге этнос өкілі ретінде мен де қатыстым.

    Осындай мазмұнды іс-шара өткізген ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін!

    Құрылтайда Мемлекеттік басшысы қазақ тілін дамытуға қатысты бірқатар өзекті мәселеге тоқталып, тілдің ең басты миссиясы халықты біріктіру екенін айрықша атап өтті.

    Президенттің: «Біз қазақ тілін ең алдымен бірлік пен ынтымақ тілі ретінде дамытуымыз керек», - деген тұжырымы ерекше мәнге ие. Шын мәнінде, тіл – адамдарды жақындастыратың, ортақ құндылықтар төңірегіне топтастыратын рухани күш. Сондықтан қазақ тілін дамыту жолында қоғамның тұтастығы мен өзара құрметі ардайым басты орында болуға тиіс.

    Қазақ тілі – баршамызға ортақ құндылық, елдігімізді тірегі. Оны дамыту арқылы жұмылған жұдырықтай бірігіп, ынтымағымыз арта түссе, ортақ Отанымыз үшін одан биік абырой жоқ деп білемін. Тіліміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын!

    #ОртақҚұндылық#ҚазақТілі #ҚазақТіліҚоғамы #XҚұрылтай#ҚазақТіліХалықаралықҚоғамы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" жаңалықтары