«Қазақ тілі» халықаралық қоғамы мерейтойлық X Құрылтайының делегаты, Қарағанды облысы делегациясының мүшесі, педагог Ольга Тим өз пікірімен бөлісті:
10 қарашада Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласында «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының мерейтойлық X Құрылтайы өтті. Осындай маңызды басқосуға Қарағанды облысы делегациясының құрамында қатысып, керемет әсер алдым.
Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, қазақ тілін одан әрі дамытудың маңызды бағыттары мен басым міндеттерін айқындады.
Мұндай ауқымды жиынға қатысу мемлекеттік тілді дамытуға қатысты өзекті мәселелермен танысуға, тың идеялармен бөлісуге, тәжірибе алмасуға және ортақ мақсатымыздың маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Тіл саласында еңбек етіп жүрген педагог ретінде ана тілімізді сақтау, дамыту және кеңінен насихаттау жолындағы жауапкершілікті ерекше сезінемін. Осындай игілікті іске өзімнің де тікелей үлес қосып жүргенімді сезінгенде кеудемді мақтаныш кернейді.
Құрылтайда көтерілген бастамалар нақты істер мен жобаларға ұласып, өз жалғасын табады деп сенемін.
#ҚазақТілі #ҚазақТіліҚоғамы #XҚұрылтай #МемлекеттікТіл
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








