Әуезов ауданында жаңа жылдық безендіру тұжырымдамасы талқыланды

    1 / 4

    Бүгін, 17 қарашада, Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиевтің төрағалығымен аудан аумағында орналасқан жоғары және арнаулы орта оқу орындарының басшылары мен өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.

    Кездесу барысында Әуезов ауданын жаңа жылға орай мерекелік безендіру тұжырымдамасы таныстырылды. Қатысушылар аудан аумағын мерекелік безендіру, жаңа жылдық көңіл күй қалыптастыру және білім беру ұйымдарын алдағы мерекеге дайындық жұмыстарына тарту мәселелерін талқылады.

    Мерекелік безендіру жұмыстарын бірлесіп ұйымдастыру және өзара іс-қимылды үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Кеңес қорытындысы бойынша алдағы жұмыс бағыттары айқындалып, жаңа жылдық іс-шараларға дайындықтың ұйымдастырушылық мәселелері қарастырылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары