Болашаққа бастар жол – саналы мамандық таңдау

    1 / 4

    17 қараша күні М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Еңбек адамы – Адал азамат: мамандықты саналы таңдауға бастар жол» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.

    Іс-шара «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, Павлодар облысының сынып жетекшілерін, педагог-психологтарын, кәсіби бағдар берушілері мен әдіскерлерін біріктірді.

    Пленарлық бөлімде Оқушылар сарайының әдіскері А.А. Шияненко, Марғұлан университетінің баспасөз қызметінің жетекшісі Бәкіжан Кәкім, Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназияның педагог-психологы Айгүл Смағұлова, Мәшһүр Жүсіп атындағы мектептің психологы Гүлмира Ахметова және Май ауданының білім бөлімінің әдіскері Жаркынбек Пазыл баяндама жасады.

    Спикерлер кәсіби бағдар берудің заманауи тәсілдерін ұсынып, жасанды интеллект мүмкіндіктері, оқушыларға психологиялық қолдау көрсету және болашақ мамандықты саналы таңдауда педагогтердің өзара әрекеттестігі туралы ой бөлісті.

    Практикалық бөлімде облыс педагогтері Елена Бонова, Айгүл Смағұлова, С.Ж. Шегір, Бейбигүл Рспаева және Жаркынбек Пазыл шеберлік сабақтары мен тренингтер өткізді.

    Қатысушылар тәжірибе алмасып, кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді әдістері мен нақты жағдаяттарға негізделген практикалық тапсырмаларды талқылады.

    Семинар педагогтер арасындағы кәсіби диалог пен тәжірибе алмасу алаңына айналып, балалардың болашақ мамандығын саналы таңдауына ықпал етуге, адал еңбек пен еңбек адамына деген құрметті қалыптастыруға бағытталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары