«ҮЗДІК ПЕДАГОГ» КОНКУРСЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ
Павлодар облысының білім беру басқармасы 2026 жылы «Үздік педагог» конкурсын өткізу бойынша төмендегіні хабарлайды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру қағидаларына сәйкес: Аудандық кезең – 27 тамыз – 11 қыркүйек аралығы: 27 тамыз – 3 қыркүйек – конкурсқа қатысу үшін құжаттарды жүктеу; 4 – 11 қыркүйек – өңірлік комиссияның конкурс материалдарын қарауы және шешім қабылдауы. Облыстық кезең – 14 – 21 қыркүйек аралығы: 14 – 16 қыркүйек – конкурсқа қатысу үшін құжаттарды жүктеу; 17 – 21 қыркүйек – өңірлік комиссияның конкурс материалдарын қарауы және шешім қабылдауы. Республикалық кезең – 22 қыркүйек – 15 қазан аралығы: 22 қыркүйек – 2 қазан – конкурсқа қатысушылардың құжаттарын жүктеу; 5 – 15 қазан – Республикалық комиссия мүшелерінің конкурсқа қатысушылардың материалдарын қарауы, сондай-ақ білім беру ұйымында күндізгі форматта конкурсқа қатысушы өткізетін сабақтарды/оқуларды бағалауы. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды жүктеу «Үздік педагог» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады: https://uzdikustaz-nobd.edu.kz/#/sign-in