
«Павлодар облысының білім беру басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) Павлодар облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 тамыздағы «Павлодар облысының педагогтарын көтермелеудің қосымша шараларын белгілеу туралы» №167/3 қаулысына сәйкес «Павлодар облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі түрінде педагогтарды көтермелеудің қосымша шараларын тағайындау үшін құжаттар жинауды жариялайды.
Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Төсбелгімен білім беру ұйымдарында 10 (он) және одан да көп жыл жұмыс өтілі бар мектепке дейінгі, жалпы білім беретін, мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарының, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының педагогтары, келесі шарттардың бірі болған жағдайда:
1) Облыстық немесе Республикалық сараптамалық кеңестерде мақұлдау алған оқу-әдістемелік кешендердің, оқулықтар мен әдістемелік-дидактикалық материалдардың авторлары (бірлескен авторлар) болып табылатындар;
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша күндізгі республикалық және халықаралық олимпиадалар, ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың жеңімпаздарын, жүлдегерлерін дайындаған;
3) күндізгі кәсіптік конкурстардың, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлердегі педагогикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, жүлдегерлері немесе халықаралық деңгейдегі кәсіптік іс-шараларға қатысушылар болып табылатындар марапатталады.
Төсбелгіні беруге 5 (бес) жыл ішінде материалдық көтермелеу алған «Үздік педагог» республикалық конкурсының жеңімпаз-педагогтарының кандидатуралары қарауға жіберілмейді.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген педагогтарға конкурстық комиссияға келесі құжаттарды тапсырады:
- Өтінім
- Портфолио
Педагог портфолиосы оның жеке кәсіби жетістіктерін немесе білім алушылардың жетістіктерін растайтын соңғы 3 (үш) жылдағы материалдарды қамтиды.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды 2026 жылғы 8 қыркүйектен 21 қыркүйекке дейін Олжабай батыр көшесі, 22А мекенжайы бойынша қағаз түрінде белгіленген тәртіппен қабылданады.