Бүгін, 2026 жылғы 10 қарашада, Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен «Халықаралық „Қазақ тілі“ қоғамы» қоғамдық бірлестігінің X мерейтойлық құрылтайы өтуде.
Ауқымды іс-шараға мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, дамытуға үлес қосып жүрген Қарағанды облысының делегациясы да қатысуда. Делегация құрамында облыстық филиал төрағасы Айтбай Ботпайұлы Жұмағұлов, сондай-ақ қазақ тілін жетік меңгерген өзге де этнос өкілдері бар:
🔹 Ирина Николаевна Магина – «Алмагүл» балабақшасының тәрбиешісі;
🔹 Вера Владимировна Александрова – «„Азаматтарға арналған үкімет“ мемлекеттік корпорациясы» АҚ бөлімінің бас маманы;
🔹 Ольга Германовна Тим – Қ. Сәтбаев атындағы гимназияның қазақ тілі пәні мұғалімі;
🔹 Наталия Сергеевна Ерёменко – Тарас Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі орталығының жетекшісі;
🔹 Владислав Владимирович Горизанов – «MegaStroyPlus» ЖШС маманы, жобалар әкімшісі.
Әртүрлі салада еңбек етіп жүрген өзге де этнос өкілдерін біріктірген бұл шара қоғамдағы тіл мәдениетін арттыруға, мемлекеттік тілді ортақ құндылық ретінде дәріптеуге және оның қолданыс аясын одан әрі кеңейтуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.
#қазақТілі
#Астана#Құрылтай#ҚарағандыОблысы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









