Жезқазғанда еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнир өтеді

    27-30 қараша аралығында Жезқазған қаласында КСРО спорт шебері Танау Нығызбаевты еске алуға арналған еркін күрестен республикалық турнир ұйымдастырылады, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

    Жарысқа 2010-2011 жылдары туған жасөспірім балуандар қатысады. Турнир Жезқазған қаласындағы «ULYTAU» спорт сарайында өтеді.

    Жарыстың салтанатты ашылу рәсімі 28 қараша күні сағат 12:30-ға жоспарланған. Ал 29 қарашада сағат 10:00-де финалдық белдесулер басталады.

    Республикалық турнир жас спортшылардың өзара тәжірибе алмасуына, шеберліктерін шыңдауына және еркін күрес спортын насихаттауға бағытталған.

    Жарыс өтетін орын: Жезқазған қаласы, Бейбітшілік даңғылы, 26/5, «ULYTAU» спорт сарайы.

    Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен спорт жанкүйерлерін жас балуандардың белдесулерін тамашалауға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының әкімдігі" жаңалықтары