Чианграй, 2026 жылғы 12 қараша– Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшісі Марғұлан Баймұхан өңіраралық байланыстарды нығайту, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Лампанг, Чиангмай және Чианграй солтүстік провинцияларына ресми сапарменбарды.
Сапар аясында қазақстандық дипломат үш провинцияныңГубернаторларымен кездесті. Тараптар Қазақстан өңірлері мен Таиландтың солтүстік провинциялары арасында сауда және инвестициялар, ауыл шаруашылығы, туризм, көлік және логистика, білім беру, креативті индустриялар, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік салаларындағы тікелей байланыстарды дамыту перспективаларын талқылады.
Келіссөздер барысында Елші тай тарапын Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі кезеңімен таныстырды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелері, оның ішінде инфрақұрылымды жаңғырту, көлік-логистикалық және энергетикалық әлеуетті нығайту, инвестициялық ахуалды жақсарту, кәсіпкерлікті қолдау, цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізутуралыбаяндады.
Чиангмай провинциясының Сауда палатасының өкілдерімен жеке кездесу өтті. Қатысушылар екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстарды кеңейту, өзара бизнес-миссиялар ұйымдастыру және перспективалы инвестициялық жобалар туралы ақпарат алмасу мәселелерін қарастырды.
Кездесулер барысында Таиландтың солтүстік өңірлерінің елеулі экономикалық әлеуеті атап өтілді. Лампанг – елдегі керамика өнеркәсібінің негізгі орталықтарының бірі, онда 200-ден астам өндірістік кәсіпорын жұмыс істейді. Чиангмай Таиландтың жетекші туристік бағыттарының қатарына кіреді: 2024 жылы провинцияның туризмнен түскен кірісі шамамен 2,9 млрд. АҚШ долларын құрады. Чианграйда бұл көрсеткіш шамамен 1,4 млрд. АҚШ долларына жетіп, провинцияға елдің он ірі туристік орталығының қатарына кіруге мүмкіндік берді.
Тай тарапына Қазақстанның экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешен, тамақ өнеркәсібі, туризм, логистика, цифрлық технологиялар және білім беру салаларындағы әлеуеті таныстырылды. Қазақстанның Азия мен Еуропа нарықтарын байланыстыратын маңызды көлік-логистикалық торап ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.
Чианграй провинциясында Елші Үлкен Меконг субөңіріндегі маңызды көлік-логистикалық нысандардың бірі – Чиангсен коммерциялық өзен портына барды. Ол порттың инфрақұрылымымен және Лаос, Мьянма және Қытайдың оңтүстік өңірлерімен жүк тасымалы мен шекаралық сауданы қамтамасыз етудегі рөлімен танысты. Транскаспий халықаралық көлік бағытын – Орта дәлізді пайдалану мүмкіндіктерін қоса алғанда, Орталық және Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы логистикалық байланыстарды дамыту перспективалары жөнінде пікір алмасылды.
Тараптар Қазақстан-Таиланд қатынастарының оң серпінін және 2027 жылы атап өтілетін екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнағанына 35 жыл толуы қарсаңында өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесулер қорытындысы бойынша Таиландтың солтүстік провинциялары өкілдерінің алдағы Қазақстан-Таиланд бизнес-форумдарына қатысу, сондай-ақ екі елдің өңірлік әкімшіліктері, сауда палаталары мен іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды жалғастыру жөнінде уағдаластықтарғақол жеткізілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









