Қазақстан БҰҰ ЭСКАТО жанындағы Тұрақты өкілдер комитетінің 426-отырысына қатысты

    1 / 4

    Бангкок, 2026 жылғы 20 қазан – Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшісі – БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (БҰҰ ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан Тұрақты өкілдер мен Комиссия мүшелері тағайындаған басқа да өкілдердің консультативтік комитетінің 426-отырысына қатысты.

    Консультативтік комитет ЭСКАТО-ға мүше мемлекеттер мен қауымдастырылған мүшелердің өкілдерін біріктіретін тұрақты диалог алаңы болып табылады. Оның отырыстары Комиссия қызметінің негізгі бағыттарын, алдағы үкіметаралық іс-шараларды және Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі экономикалық, әлеуметтік және орнықты даму мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді.

    Отырыс барысында ЭСКАТО шеңберінде жоспарланған халықаралық іс-шараларға дайындық мәселелері қаралды. Негізгі назар 2027 жылғы 26–30 сәуір аралығында Қытайдың Шанхай қаласында өтетін Комиссияның 83-сессиясына аударылды.

    Алдағы сессия «ЭСКАТО-ға 80 жыл: түбегейлі өзгерістер жағдайында бағдарлану, өзара байланысты нығайту және Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі орнықты дамуды жеделдету» тақырыбына арналады. Бұл іс-шара Комиссияның құрылғанына 80 жыл толуымен тұспа-тұс келіп, өңір елдерінің жаңа экономикалық, технологиялық, әлеуметтік және экологиялық өзгерістерге бейімделу жолдарын талқылауға бағытталады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігі" жаңалықтары