Бангкокта балаларға арналған Қазақ клубы жұмысын бастады

    1 / 4

    2026 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігінің бастамасымен шетелде тұрып, білім алып жүрген қазақстандық балаларға арналған Қазақ клубы өз жұмысын бастады.

    Жобаның негізгі мақсаты – жас отандастарымыздың тарихи Отанына деген рухани байланысын нығайту, қазақ тілі мен ұлттық мәдениетін сақтауға ықпал ету, сондай-ақ балалардың Қазақстанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін қалыптастыру.

    25 қазанда атап өтілетін Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшісінің жұбайы Гүлдана Жайлау клуб қатысушыларына арналған алғашқы ашық сабақ өткізді. Балалар мемлекеттік мерекенің тарихы мен маңызы, Қазақстанның мәдениеті, дәстүрлері және ұлттық рәміздерімен танысып, танымдық әрі шығармашылық тапсырмаларға қатысты.

    Мұндай сабақтар халықаралық ортада өсіп келе жатқан балалардың ұлттық болмысын сақтауға, Қазақстан туралы білімін кеңейтуге және Таиландта тұратын қазақстандық отбасылар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.

    Қазақ клубының жұмысы тұрақты негізде жалғасып, қазақ тілі, тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарына арналған сабақтарды қамтитын болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Елшілігі" жаңалықтары