2026 жылғы 22 қазанда Мемлекеттік қазынашылық комитетінің 2026 жылдың тоғыз айындағы қызмет қорытындыларына арналған алқа отырысы өтті.
Онлайн форматтағы Алқа отырысына Мемлекеттік қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбаев төрағалық етті.
Алқа отырысы барысында Мемлекеттік қазынашылық комитеті төрағасының орынбасарлары Айгүл Байгужина мен Мұрат Әділханов баяндама жасады.
Отырысқа қатысушылар есепті кезеңдегі қызмет нәтижелерін, ағымдағы қызметтің өзекті мәселелерін, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді талқылады.
Қаржы жылының аяқталуына дайындыққа, қойылған міндеттердің уақтылы әрі сапалы орындалуына, хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысына, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылының ұйымдасқан түрде аяқталуын қамтамасыз етуге қажетті шараларға ерекше назар аударылды.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша алдағы жұмыстың басым бағыттары айқындалып, 2026 жылдың соңына дейінгі кезеңге Комитеттің аумақтық департаменттері мен құрылымдық бөлімшелеріне арналған міндеттер белгіленді.
Мемлекеттік қазынашылық комитеті 2026 жылдың тоғыз айындағы жұмыс қорытындысын шығарды
1 / 7
Ұқсас материалдар

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін жариялау» тақырыбындағы мектеп сабағы
Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасыАшу
Аудан әкімі тұрғындардың талап-тілегін тыңдады
Арал ауданының әкімдігіАшу
Қазақстанда 295-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіАшу
2027 жылдан бастап «А» және «В» санатындағы отбасыларға әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі өзгереді
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Қаратал ауданының балуандары облыстық турнирде топ жарды!
Қаратал ауданының әкімдігіАшу
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті" жаңалықтары

Айгүл Қайыртайқызы Рысжанова Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаменті басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды
Мемлекеттік қазынашылық комитетіАшу
Қарттарым - қазынам
Мемлекеттік қазынашылық комитетіАшу
Жетісу облысының тұрғындарымен онлайн кездесу
Мемлекеттік қазынашылық комитетіАшу
Жетісу облысының тұрғындарымен кездесу
Мемлекеттік қазынашылық комитетіАшуАҢДАТПА! Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау
Мемлекеттік қазынашылық комитетіАшу