Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының өкілі дәріс оқыды

    1 / 8

    Бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қазынашылық комитеті мен Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының өкілі Ілияс Сансызбайдың қатысуымен кездесу өтті.

    Іс-шара «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында ұйымдастырылды. Кездесу барысында спикер «Жаңа Конституциядағы адам құқықтары» тақырыбында дәріс оқып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында көзделген адам құқықтарына қатысты өзгерістер, жаңашылдықтар мен маңызды нормаларға жан-жақты тоқталды. Дәріс барысында адам құқықтарын қорғау, олардың конституциялық кепілдіктері мен жаңа өзгерістердің маңызы кеңінен түсіндірілді. Кездесу мазмұнды әрі қызықты өтіп, қатысушылар үшін пайдалы ақпараттық алаңға айналды.
    #заңментәртіп

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қазынашылық комитеті" жаңалықтары