2026 жылғы 12 қарашада Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімі қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен мамандарына арналған ZOOM бейнеконференцбайланыс режимінде «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Семинарды ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысы Л.Т. Секербаева ашты.
Іс-шара барысында қатысушыларға денсаулық сақтау объектілерін салуға арналған жер учаскелерін таңдау, оларды жобалау және орналастыру, жарықтандыру, желдету және ауаны баптау, жылумен жабдықтау, жөндеу жұмыстарын жүргізу, үй-жайлар мен физиотерапиялық кабинеттерді күтіп-ұстау мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің талаптары түсіндірілді.
Медициналық объектілерді механикалық іске қосылатын сору-сыртқа тарту желдету жүйелерімен жабдықтау, сондай-ақ асептикалық үй-жайларда бактерицидтік сүзгілері бар ауа баптағыштарды орнату мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау объектілерінде бақылау мен қадағалаудың ерекше тәртібі шеңберінде тексерулер жүргізу ерекшеліктері қарастырылды. Дөрекі бұзушылықтар анықталған жағдайда қызметке тыйым салу, оны тоқтата тұру, жұмыстан уақытша шеттету сияқты жедел ден қою шараларын (ЖДШ) дереу қабылдау қажеттігі түсіндірілді. Жедел ден қою шаралары орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес тиісті материалдарды сотқа жолдау қажеттігі атап өтілді.
Сондай-ақ қаржыландыруды талап ететін дөрекі бұзушылықтар анықталған жағдайда бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне (нақты лауазымды тұлғаға) жеке ұсынулар енгізу қажеттігі айтылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









