Ерекше тәртіппен бақылау және қадағалау шеңберінде білім беру және тәрбиелеу объектілеріне жоспарлы тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу талаптарын түсіндіру бойынша семинар-кеңес өтті

    1 / 3

    2026 жылғы 9 қарашада Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау аумақтық басқармаларының лауазымды тұлғаларының қатысуымен бейнеконференцбайланыс режимінде семинар-кеңес өткізілді.

    Семинар барысында Департамент спикерлері М.Е. Бельгибаева мен Е.Р. Мұстафина ерекше тәртіппен бақылау және қадағалау шеңберінде білім беру және тәрбиелеу объектілеріне жоспарлы тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу талаптарын түсіндірді.

    Сонымен қатар мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тексерулер мен зертханалық бақылауды жоспарлау мәселелері қаралып, аумақтық бөлімшелердің практикалық қызметінде туындайтын өзекті проблемалық мәселелер талқыланды.

    Семинар бақылау-қадағалау қызметінің сапасын арттыруға және белгіленген талаптардың біркелкі қолданылуын қамтамасыз етуге бағытталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары