2026 жылғы 9 қараша күні Департамент мамандары аумақтық басқармалардың қызметкерлеріне «Жедел ден қою шараларын (ЖДШ) қолдану кезіндегі өзекті мәселелер» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында хабарламалар мен рұқсат беру құжаттарын мониторингтеу, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы жүргізілетін профилактикалық бақылау, сондай-ақ тергеп-тексеру нәтижелері бойынша ЖДШ қолдану мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар, 2026 жылдың өткен кезеңінде еңбек гигиенасы бағыты бойынша қолданылған жедел ден қою шараларының әрбір жағдайы жеке талқыланды. Қолданылған шаралардың орындалуын тексеру тәртібі және олар орындалмаған жағдайда қабылданатын кейінгі шаралар түсіндірілді.
Семинар соңында Департамент мамандары аумақтық басқарма қызметкерлерінің сұрақтарына жауап беріп, қажетті түсініктемелер берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









