Облыс әкімі Aqtobe телеарнасына барды

    1 / 9

    Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров 66 жылдық тарихы бар облыстық Aqtobe телеарнасына барды.

    Аймақ басшысы мұнда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауына арналған телебағдарламаға сұхбат берді. Эфир барысында облыс әкімі өңірді дамытудың негізгі бағыттары, Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді жүзеге асыру аясында Ақтөбе облысында атқарылып жатқан жұмыстар, сондай-ақ алдағы жоспарлар мен жаңа жобалар туралы баяндады.

    Сұқбаттан соң, облыс әкіміне телеарна директоры Айдана Смағұлова жаңартылған негізгі телестудияны таныстырды. 30 жылдан бері жөндеу көрмеген телестудияның техникалық мүмкіндіктері бір кеңістікте түрлі форматтағы 16 телебағдарламаны әзірлеуге мүмкіндік береді.

    Айтып өткен жөн, соңғы екі жылда телеарна ғимаратында ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Нысанның шатыры толықтай жаңартылып, жаңалықтар студиясы мен өзге де телебағдарламалар түсірілетін студиялар жаңа кейіпке енді. Заманауи техникалық жабдықтар орнатылып, телеарнаның өндірістік әлеуеті артты.

    Телеарна қызметкерлері өңір басшысымен кездесу барысында өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Жаңартылған студияның ұжым жұмысы үшін маңызына тоқталып, көп жылдан бері шешімін таппай келген жобаның жүзеге асуына көрсетілген қолдау үшін алғыс білдірді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" жаңалықтары