Мұғалжар ауданында инвестициялық ахуалды жақсарту, өндіріс орындарын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жүйелі.
2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша аудан экономикасына негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 105,8 млрд теңгені құрап, жоспарлы көрсеткіш 117,3 пайызға орындалды.
Бүгінде ауданда бірқатар ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Олардың қатарында өнеркәсіп, энергетика, көлік инфрақұрылымы және газ-химия салалары бар.
Атап айтқанда, инвестициялық жобалар тізіміне:
«Олжа» ЖШС локомотивтерді жөндейтін техникалық қызмет көрсету станциясы;
«Деповской сервис» ЖШС-локомотив подшипниктерін жөндеу цехы;
Жаңажол газ турбиналы электр станциясын кеңейту;
Карбамид өндіретін газ-химия кешені;
Метанол өндіретін газ-химия кешені;
Газ турбиналы электр станциясы;
Кварц құмын қайта өңдеу зауыты.
Құбыр өнімдерін өңдеу желісі.
Аталған жобалар 2027 жылға дейін кезең-кезеңімен іске қосылады деген жоспар бар. Нәтижесінде жаңа өндірістік қуат қалыптасып, жүздеген жаңа жұмыс орны ашылады. Мәселен, тек карбамид өндіретін кешеннің өзінде 400 адам нәпақасын табады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








