🇰🇿 Кохлеарлық имплантациядан кейін баланың есту және сөйлеу дағдыларын дамытуда жүйелі оңалту сабақтарының маңызы зор. Алайда кей отбасылардың шалғай тұруы қажетті көмекті тұрақты түрде алуға кедергі келтіруі мүмкін.
Осыған байланысты балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан оңалту шараларының үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейінді мамандармен қашықтан сабақтар ұйымдастырылған. Бағдарлама аясында әр балаға жеке оңалту бағыты айқындалып, онлайн сабақтар, бейнесабақтар және ата-аналардың қатысуымен күнделікті орындалатын тапсырмалар қарастырылған.
▶️ Оңалту сабақтары қалай жүргізіледі, бағдарламаға қанша бала қамтылды және ол отбасыларға қандай мүмкіндіктер береді? Толығырақ бейнематериалдан көріңіз.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









