Риддер қаласының ауруханасы базасында медициналық-әлеуметтік сараптаманы ұйымдастыру

    2026 жылғы 9 қарашада Риддер қаласының ауруханасы базасында медициналық-әлеуметтік сараптаманы ұйымдастыру, нормативтік-құқықтық талаптарды сақтау және мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
    Кеңес барысында келесі мәселелер қаралды:
    1. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері.
    2. Азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) жолдаудың негізділігі, оның ішінде сырттай куәландыру үшін МӘС-ке жолдау тәртібі, сондай-ақ № 031/е «Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды» нысанын толтыру бойынша ескертулер.
    3. Жүріп-тұруға арналған техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың жіктелуі, олардың сипаттамалары және тиісті құралдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына енгізуге арналған көрсетілімдер.
    Кеңес барысында аталған мәселелер бойынша түсіндірмелер беріліп, қолданыстағы нормативтік талаптарды сақтау және медициналық құжаттаманы сапалы ресімдеу қажеттілігіне назар аударылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары