Шығыс Қазақстан облысында Президент Жолдауының негізгі басымдықтары талқыланды

    1 / 9

    Шығыс Қазақстан облысында Президент Жолдауының негізгі басымдықтары талқыланды

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру, сондай-ақ оларды Шығыс Қазақстан облысында іске асыру мәселелерін талқылау мақсатында жұмыс тобының кездесулері өтті.

    Глубокое ауданында өткен кездесулерге жұмыс тобының құрамында Е.Б. Сабыр, Д.С. Рыпаков, А.Б. Касенов, сондай-ақ Глубокое ауданының әкімі Е.Л. Тумашинов қатысты.

    Іс-шараларға сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Н.В. Литке және зейнетақымен қамсыздандыру бөлімінің бас маманы М.Ж. Малдыбаева қатысты.

    Іс-шаралар аясында Глубокое ауданының белсенді азаматтарымен, мәдениет және спорт саласының қызметкерлерімен кездесулер өткізіліп, Мемлекет басшысы айқындаған мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен стратегиялық міндеттері қарастырылды.

    Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдау, «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайту, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Талқылаудың негізгі тақырыптарының бірі еліміздің барлық өңірлерінде инфрақұрылымды ауқымды дамытуға бағытталған Президенттің «Халықтық құрылыс» бастамасы болды. Аталған бастама аясында денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарын салу және жаңғырту, тұрғын үй-коммуналдық және көлік инфрақұрылымын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және өңірлердің экономикалық әлеуетін нығайту көзделген.

    Сонымен қатар Жолдауда белгіленген цифрлық трансформация, отандық өндірісті дамыту, қоғамдық бірлікті нығайту және әрбір азаматтың ел болашағына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру жөніндегі міндеттерді іске асырудың маңыздылығы атап өтілді.

    Кездесулер ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікірлері мен ұсыныстарын білдіруге, сондай-ақ өңірдің дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.

    Өткізілген кездесулердің негізгі мақсаты — Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі ережелерін кеңінен түсіндіру, ел дамуының стратегиялық басымдықтары жөнінде ортақ түсінік қалыптастыру және оларды жергілікті деңгейде іс жүзінде жүзеге асыру мәселелерін талқылау.

    Президент айқындаған бастамаларды іске асыру халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, өңірлердің тұрақты дамуына және Әділетті, Қуатты, Таза әрі Озық Қазақстанды құруға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары