Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты
2026 жылғы 13 қазанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы Н.В. Литке азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдау барысында азаматтардың әлеуметтік қорғау мәселелеріне қатысты өтініштері қаралды. Әрбір өтініш бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде тиісті түсіндірмелер берілді.
Қосымша зерделеуді және қарауды талап ететін мәселелер бақылауға алынды.









