Түнгі тыныштықты сақтау – әр тұрғынның міндеті

    Астанада тұрғындардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстар күшейтілген режимде жалғасуда. Полиция қызметкерлері тыныштықты бұзу деректерін анықтап, құқық бұзушыларға заң аясында шаралар қабылдауда.
    Жыл басынан бері елордада тыныштықты бұзудың 52 мыңнан астам дерегі тіркелді.
    Мәселен, Жұмабаев даңғылындағы караокеде музыканың шамадан тыс қатты қойылуы салдарынан тұрғындардың тыныштығы бұзылған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
    Тағы бір жағдай Төле би көшесінде тіркелді. Түнгі сағат 00:30 шамасында тұрғындардың балалары көпқабатты тұрғын үйдің дәлізінде жүгіріп, шу шығарған. Сонымен қатар домофон арқылы кіреберіс есігін ашу жағдайлары да орын алған. Мұндай әрекеттер көршілердің тыныштығына кедергі келтіріп, тұрғындардың наразылығын тудырған.
    Астана қаласының Полиция департаменті тыныштықты бұзу – жай ғана тұрмыстық келіспеушілік емес, заң талаптарын бұзу екенін ескертеді.
    Полиция қала тұрғындары мен ойын-сауық орындарының өкілдерін заң талаптарын сақтауға, әсіресе түнгі уақытта өзге адамдардың тыныштығына құрметпен қарауға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары