Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №40 мекемесінде сотталғандармен кәсіби спортшылар Михаил Коханчик пен Артём Пчеляковтың кездесуі өтті.

    Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №40 мекемесінде сотталғандармен кәсіби спортшылар Михаил Коханчик пен Артём Пчеляковтың кездесуі өтті.

    Іс-шараның мақсаты – сотталғандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ тәртіп, табандылық пен ерік-жігер сияқты қасиеттерді қалыптастыру.

    Михаил Коханчик – Қазақстан Республикасының спорт шебері, ел чемпионаттарының жүлдегері және финалисі, 2018 жылы Болгарияда өткен «Стренджа» халықаралық турнирінің жүлдегері, 2024 жылы Нижневартовск қаласында өткен Мұнай елдері әлем кубогының чемпионы. Сонымен қатар ол кәсіби боксшы.

    Артём Пчеляков – бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері, кәсіби боксшы, түрлі жарыстардың чемпионы мен жүлдегері, қазіргі уақытта жаттықтырушы қызметін атқарады.

    Кездесу барысында спортшылар өздерінің спорттық жолы, жетістіктері мен өмірлік тәжірибелері туралы әңгімеледі. Сондай-ақ спорттың адам мінезін қалыптастырудағы, төзімділік пен жауапкершілікті арттырудағы маңызына тоқталды

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары