Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №41 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы Сагиданова Гүлмайра Оразовна Ташкент қаласында өткен самбодан 50-ші әлем чемпионатына қатысты.

    Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №41 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы Сагиданова Гүлмайра Оразовна Ташкент қаласында өткен самбодан 50-ші әлем чемпионатына қатысты.

    Әлемнің 101 елінен келген спортшылар бақ сынаған байрақты бәсекеде Гүлмайра 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, өзінің физикалық дайындығы мен спорттық шеберлігін танытты. Нәтижесінде ол жарыстың қола жүлдегері атанды.

    Бұл жетістік – тынымсыз жаттығу, табандылық пен жеңіске деген жігердің жемісі. Гүлмайраның халықаралық деңгейдегі жетістігі мекеме ұжымы үшін зор мақтаныш әрі әріптестеріне үлгі.

    Гүлмайраны лайықты жеңісімен құттықтай отырып, алдағы уақытта кәсіби және спорттық жолында толағай табыс, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары