Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде ҚР Ішкі істер органдары ардагерлері күніне орай тарихи оқиға өтті.
10 қарашада департамент басшылығы, жеке құрам мен ішкі істер органдарының ардагерлері СҚО ПД музейіне полицейлердің кейінгі буынына арналған ізгі тілектер мен өсиет сөздер жазылған уақыт капсуласын салды. Ұрпаққа арналған үндеуге Руслан Назаров пен государственный орган ардагерлері қол қойды.
Ардагерлер күні салынған капсула департамент үшін маңызды күнде – 2037 жылғы 9 қарашада, ведомстволық музейдің 50 жылдық мерейтойында ашылады.
Сондай-ақ полицейлер ішкі істер органдарының ардагерлері Александр Иванович Фомичевті 80 жасқа толуымен және мереке күні 79 жасын атап өткен Алексей Константинович Корчагинді туған күндерімен құттықтады.
Ұрпақтар сабақтастығын сақтау және дәстүрлерді қадірлеу – қызметкерлерді қазақстандық патриотизм, халық пен мемлекетке адал қызмет ету рухында тәрбиелеудің маңызды бөлігі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









