Петропавл қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері профилактикалық рейд барысында алкогольдік масаң күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады. Оқиға 8 қараша күні таңғы сағат 05:23 шамасында Әуезов пен Кеншинбаев көшелерінің қиылысында тіркелді. Volkswagen Passat автокөлігінің тізгінінде 40 жастағы ер адам болған. Медициналық куәландыру оның жеңіл дәрежеде алкогольдік масаң күйде екенін растады. Әкімшілік материалдар сотқа жолданды. Жүргізушіге 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзу деректерін анықтау бойынша тәулік бойы жұмысын жалғастыруда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









