Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының 2026 жылғы 30 қазандағы №304 бұйрығымен Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының №4 емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының байқау кеңесінің мүшесі лауазымына конкурс өткізу туралы шешім қабылданды.
Конкурстың өткізілетін күні (уақыты) және орны: 2026 жылғы 10 желтоқсан, сағат 10:00, Абай облысы, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі 38а, 3-қабат, 307-кабинет, «Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Мемлекеттік кәсіпорынның атауы: Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының №4 емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны, орналасқан мекенжайы:Абай облысы, Семей қаласы, 35-ші квартал, 18Г ғимараты.
Негізгі қызмет түрлерінің қысқаша сипаттамасы:Кәсіпорын келесі медициналық қызмет түрлерін көрсетеді: алғашқы медициналық-санитарлық көмек, медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша стационарлық көмек, медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша консультациялық-диагностикалық көмек, босануға дейінгі көмек қызметтері, жедел және жоспарлы стоматология, балаларға профилактикалық тексерулер, ересектерге профилактикалық тексерулер және жүктілікке дейінгі дайындық.
Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №113 бұйрығында белгіленген Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:
1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;
2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;
3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
2) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің35-бабындакөрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.
Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша тиісті саладағы уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) бағытталуы;
2) Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының №4 емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және «2026 жылдың 10 желтоқсанында сағат 10:00-ге дейін дейін ашуға болмайды».
Өтінімдер келесі мекенжайға жіберіледі:Абай облысы, Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 38А.
Өтінім берудің мерзімі:2026 жылдың 10 қарашасынан 2026 жылдың 9 желтоқсанына дейін.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






