Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесі

    Жалпы ақпарат

    "Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Абай облысының аумағында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаты іске асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ашу

    Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Абай аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының байқау кеңесінің мүшесі лауазымына конкурс жариялау

    Ашу

    Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Дүйсенбі Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғарғы медицина колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының байқау кеңесінің мүшесі лауазымына конкурс жариялау

    Ашу

    Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының №4 емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының байқау кеңесінің мүшесі лауазымына конкурс жариялау.

    Ашу

    Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының № 9 емханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігерінің бос лауазымына орналасуға әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың ТІЗІМІ

    Ашу

    Хабарландыру бас дәрігердің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы

    Ашу

    Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Бородулиха аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына Байқау кеңесін енгізу және Байқау кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру

    ОтырысАяқталды

    Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында байқау кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру

    Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссиясы Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының байқау кеңесінің мүшелерін сайлау жөнінде конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан жері: 071411, Абай облысы, Семей қаласы, Орманды көшесі, 32/1. Телефондар: 8 (7222) 51-45-54, 8 (7222) 51-67-19. Конкурс өткізілетін күні мен орны: 2026 жылы Абай облысы, Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 38 «А», Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы ММ, 3-қабат, №307 кабинет. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні – Абай облысының халқына өмірге қауіп төндіретін жай-күйлерде, жазатайым оқиғалар кезінде, жіті ауыр аурулар болған жағдайда оқиға орнында, сондай-ақ медициналық ұйымға жеткізу жолында ересектер мен балаларға тәулік бойы жедел медициналық жәрдем көрсету. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №113 бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың байқау кеңесінің мүшелігіне сайланатын адамдарға мынадай талаптар қойылады. Байқау кеңесінің мүшелігіне кандидаттың жоғары білімі болуы және төменде көрсетілген талаптардың кемінде біріне сәйкес келуі қажет: денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика, қаржы, бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 (бес жыл) жұмыс тәжірибесінің болуы; денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні бойынша және (немесе) экономика, қаржы, бизнес және (немесе) құқық саласында басшылық лауазымда кемінде 3 (үш жыл) жұмыс тәжірибесінің болуы; денсаулық сақтау және (немесе) экономика, бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуы. Мынадай тұлға байқау кеңесінің мүшесі болып сайланбайды: өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар; заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам уақыт бұрын осы заңды тұлғаның басшысы болған; бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған; байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен жақын туыстық немесе жекжаттық қатынаста болатын. Құжаттарды қабылдау тәртібі Құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Абай облысы, Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, 38 «А», Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы. Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру мерзімді баспасөз басылымында жарияланған күннен бастап есептеледі. Конкурс құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейінгі келесі жұмыс күні өткізіледі. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға (бұдан әрі – кандидат) хабарландыруда көрсетілген мерзімде комиссияға, оның ішінде кәсіпорынның лауазымды адамдарына қатысты өзінің аффилиирленуі туралы мәліметтерді қоса бере отырып, мынадай құжаттарды ұсынады: 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда); 2) қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндеме; 3) өмірбаян (еркін нысанда); 4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі; 6) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері; 7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық органдары берген соттылығының жоқ екендігі және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің жоқ екендігін растайтын құжаттар. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша мәліметтерді (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттар, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнынан берілген ұсыным хаттар және өзге де құжаттар) ұсынуға құқылы. Конкурсқа қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деген белгісі бар жеке конвертке салады. Конвертте кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және пошталық мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін көрсетілген конверт сыртқы конвертке салынып, мөрленеді. Ішкі және сыртқы конверттер: 1) мерзімді баспасөз басылымындағы хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) жолдануға тиіс; 2) мынадай жазуды қамтуға тиіс: «Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының байқау кеңесінің мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс» және «2026 жылғы 3 қыркүйекке дейін ашуға болмайды» (конверттерді ашу күні мен уақыты конкурс туралы хабарландыруда көрсетіледі). Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қарайды және бағалайды. Бағалау қорытындылары бойынша конкурстық комиссия белгіленген талаптарға сәйкес келетін кандидаттарды іріктейді және оларды әңгімелесуге шақырады. Әңгімелесу нәтижелері бойынша конкурстық комиссия талаптарға сай келетін кандидаттарды іріктеп, оларға шақырту жолдайды.

    5 тамыз 2026 ж. – 3 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    область Абай, город Семей, ул. К. Мухамедханова, 38 «А», ГУ «Управление здравоохранения области Абай»

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Медициналық қызмет көрсету сапасына қалай шағымдануға болады?

    Жауап

    медициналық көмектің сапасына шағым беру үшін сізге: Шағымның мәнін және бұзушылықты растайтын фактілерді сипаттайтын жазбаша өтініш дайындаңыз. Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасына жеке өтініш беру немесе пошта арқылы жіберу. eOtinish арқылы шағым жазу. Шағым беру үшін байланыс деректері: 071407, Семей қ., қ. Мұхамедханов көшесі, 8 тел. 8 (722-2) 52-26-44 Шағымдарды электрондық пошта арқылы да беруге болады: [email protected]

    Сұрақ

    Электронды жүйе арқылы дәрігерге қалай жазылуға болады?

    Жауап

    Электрондық жүйе арқылы дәрігерге жазылу үшін сізге: Порталға кіру www.egov.kz немесе "Damumed" мобильді қосымшасын қолданыңыз. ЭЦҚ немесе ЖСН мен парольді пайдаланып жеке кабинетке кіру. "Дәрігерге жазылу" бөлімін таңдаңыз. Медициналық мекемені, дәрігердің мамандығын және келуге ыңғайлы уақытты таңдаңыз. Жазбаны растаңыз және электрондық қабылдау талонын алыңыз.

    Бұйрық

    2027 жылға арналған Абай облысының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету субъектілері арасында халыққа қызмет көрсету аумақтарын бөлу туралы

    2027 жылға арналған Абай облысының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету субъектілері арасында халыққа қызмет көрсету аумақтарын бөлу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 123-бабының 2 және 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларының 2-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларының 21-1-тармағына сәйкес, медициналық-санитариялық алғашқы көмектің аумақтық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, Абай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 5 шілдедегі № 2 қаулысымен бекітілген «Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1.Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қызмет көрсету учаскелерін көрсете отырып, Абай облысының медициналық-санитариялық алғашқы көмек субъектілерінің 2027 жылға арналған халыққа қызмет көрсету аумағын бөлу бекітілсін. 2.Медициналық-санитариялық алғашқы көмек субъектілерінің басшылары: 2.1. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, осы бұйрықпен бекітілген қызмет көрсету аумағын бөлуге сәйкес халыққа медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастырсын; 2.2. «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді өзектілендіруді тек Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырсын. 3.«Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің стратегиялық даму, цифрландыру, инновациялық технологиялар және инвестициялар бөлімі: 3.1. осы бұйрықтың «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамына жіберілуін қамтамасыз етсін; 3.2. осы бұйрықтың Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4.Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. 5.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының стратегиялық даму және ұйымдастыру-экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Жасулан Төлеуханович Сабитовке жүктелсін. БасшыТ.Молдабеков Орын: П. А. Тасболатова

    Жарияланды:
    Спецификациясы

    Медициналық техниканы әлеуетті өнім берушілерден (сатушылардан) ұсыныстар жинау туралы хабарландыру

    Хабарландыру медициналық техниканы әлеуетті өнім берушілерден (сатушылардан) ұсыныстар жинау туралы «Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі — Басқарма) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 шілдедегі № 72 «Медициналық техниканы лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес осы хабарландыруға қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес медициналық техниканы әлеуетті өнім берушілерден (сатушылардан) ұсыныстар жинауды жариялайды. Лизинг шартының қолданылу мерзімі: 37 ай, 2027–2029 жылдар кезеңіне. Осы хабарландыруға мынадай құжаттар қоса беріледі: медициналық техникаға арналған техникалық ерекшелік; оңтайлы техникалық сипаттамаларды сараптамалық бағалау; клиникалық-техникалық негіздеме. Медициналық техниканы лизинг шарты шеңберінде жүзеге асырылатын күрделі шығыстардың құны мен нысанасын айқындау қағидаларының 6-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілер (сатушылар) осы хабарландыру орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Басқармаға медициналық техниканы жеткізу бойынша ұсыныстарын мынадай мәліметтерді көрсете отырып ұсынуы қажет: медициналық техниканың атауы, моделі және өндіруші елі; медициналық техникаға берілген тіркеу куәлігінің нөмірі және берілген күні; толық жиынтықталуы; толық техникалық сипаттамалары; медициналық техниканың құны. Ұсыныстар мен құжаттарды ұсыну мекенжайы: «Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Абай облысы, Семей қаласы,Қайым Мұхамедханов көшесі, 38А үй,2-қабат, нөмірсіз кабинет,Экономика және қаржы бөлімі. Электрондық пошта:[email protected]

    Жарияланды:
    Жоба

    Семей қаласы бойынша МСАК қызмет көрсету аумақтары бойынша бұйрығына арналған жобасы

    Семей қаласы бойынша МСАК қызмет көрсету аумақтары бойынша бұйрығына арналған жобасы Картаға сілтеме

    Жарияланды: