Хабарландыру бас дәрігердің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу туралы

    Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының № 9 емханасы» ШЖҚ КМК Байқау кеңесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-58/2020 бұйрығының талаптарына сәйкес Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының № 9 емханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

    Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халыққа алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету, аурулардың профилактикасы, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және медициналық қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру.

    Бас дәрігердің негізгі лауазымдық міндеттері:

    • Қазақстан Республикасының заңнамасына, Кәсіпорынның Жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Кәсіпорынның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
    • Халыққа сапалы және қолжетімді алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
    • Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуын, Кәсіпорын қызметінің нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
    • Емдеу-профилактикалық, диагностикалық, консультациялық, оңалту және профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырады;
    • Медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету стандарттарының, клиникалық хаттамалардың және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының өзге де талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
    • Аурулардың профилактикасы, скринингтік зерттеулер жүргізу, пациенттерді динамикалық бақылау және халықты диспансерлік бақылау бойынша жұмысты ұйымдастырады;
    • Кәсіпорынның қаржылық, материалдық, кадрлық және өзге де ресурстарын ұтымды әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді;
    • Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
    • Кәсіпорын мүлкінің сақталуын және мемлекеттік мүлікті тиімді басқаруды қамтамасыз етеді;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және өзге де мекемелерде Кәсіпорынның мүдделерін білдіреді;
    • Сенімхатсыз Кәсіпорын атынан әрекет етеді, шарттар жасасады және берілген өкілеттіктер шегінде өзге де мәмілелер жасайды;
    • Сенімхаттар береді, заңнамада белгіленген тәртіппен банктік шоттар ашады;
    • Бұйрықтар шығарады және Кәсіпорын қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті тапсырмалар береді;
    • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорын қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды, олармен еңбек шартын тоқтатады, көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар белгілейді;
    • Еңбек тәртібінің, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, санитариялық-эпидемиологиялық режим және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
    • Кәсіпорын қызметінің сапасы мен тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді;
    • Қаржы-шаруашылық қызмет, мүліктің сақталуы, медициналық көмекті ұйымдастыру, қызмет көрсеткіштеріне қол жеткізу және Кәсіпорынның даму жоспарын іске асыру үшін дербес жауапты болады;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасында, Кәсіпорынның Жарғысында және еңбек шартында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-305/2020 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамалары» 2-тарауының 1-параграфына (3-қосымша) және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26-бабына сәйкес:

    «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша сертификаттау курсын бітіргені туралы біліктілікті арттыру (қайта даярлау) куәлігі және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік берілгені туралы куәлік (немесе сертификат);

    Немесе «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау» немесе «Бизнес және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе EMBA / full-time (Фултайм) дәрежесі;

    Немесе «Бизнес, басқару және құқық» даярлау бағыты бойынша жоғары білім және «Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе EMBA / full-time (Фултайм) дәрежесі;

    Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;

    Басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.

    Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:

    1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
    2. Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
    3. Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
    4. Еңбек кітапшасының (бар болған жағдайда) көшірмесі немесе еңбек шарты, жұмысқа қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтардан үзінділер не еңбек өтілін растайтын өзге де құжат;
    5. № 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
    6. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама;
    7. Денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының көшірмесі;
    8. Біліктілікті арттырудан, қайта даярлаудан өткенін және кәсіби даярлыққа қатысты өзге де мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда).

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды электрондық түрде Кәсіпорынның [email protected] электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін ұсынады.

    Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін кемінде бір сағат бұрын ұсынылады. Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, қатысушы әңгімелесуге жіберілмейді.

    Конкурсқа қатысушы өзінің білімі, кәсіби тәжірибесі, еңбек өтілі, кәсіби даярлық деңгейі, ғылыми дәрежелері мен атақтары, ғылыми жарияланымдары, бұрынғы жұмыс орнынан берілген ұсынымдары туралы қосымша ақпаратты, сондай-ақ өзінің кәсіби жетістіктерін растайтын өзге де құжаттарды ұсына алады.

    Конкурс шарттары мен өткізілу мерзімдері:

    Хабарландырудың жарияланған күні: 2026 жылғы 6 қазан.

    Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 6 қазаннан бастап 2026 жылғы 21 қазанға дейін (қоса алғанда). Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

    Конкурс (әңгімелесу) өткізілетін күн: 2026 жылғы 22 қазан сағат 14.00 ден 16.00 деін.

    Өткізілетін орны: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Стаханов көшесі, 17, 1-қабат.

    Байланыс телефоны: 8 (7222) 31-52-97

    Электрондық пошта: [email protected]

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары