Келес ауданындағы құтқару нысандарының қысқы кезеңге дайындығы тексерілді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 3

    Қызыләскердегі трассалық медициналық-құтқару пункті мен Лесбек батыр ауылындағы «Ауыл құтқарушылар» дайындығы бағаланды.

    Келес ауданында қысқы кезеңде төтенше жағдайларға жедел ден қоюға дайындықты бағалау мақсатында құтқару нысандарында тексеру жүргізілді.

    Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, полковник Ержанов Аскат Амангелдіұлы Қызыләскер елді мекенінде орналасқан трассалық медициналық-құтқару пункті мен Лесбек батыр ауылындағы «Ауыл құтқарушылар» қысқы кезеңге дайындығын тексерді.

    Тексеру барысында нысандардың материалдық-техникалық жағдайы, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі, жылыту жүйелерінің дайындығы және қызмет атқаруға қажетті жағдайлар қаралды.

    Сонымен қатар қыс мезгілінде төтенше жағдайлар мен жол-көлік оқиғалары кезінде жедел әрекет ету, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударылды.

    Тексеру қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға анықталған кемшіліктерді жою, техникалық құралдардың дайындығын қамтамасыз ету және қысқы кезеңдегі жұмысты тиісті деңгейде ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары