🔰Жарқайың ауданында Қарттарды қолдау айлығы мен ерекше қажеттіліктері бар адамдар күніне орай «Жарқайыңнан – әлем төріне!» атты салтанатты іс-шара өтті.

    1 / 9

    Іс-шараға Жарқайың ауданының әкімі Е. Жүсіпбеков, Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Е. Шаймұратов, облыстық «Мерген» спорт клубы басшысының орынбасары И. Василинчук, спортшылар, параспортшылар, жаттықтырушылар, спорт ардагерлері, жастар мен меценаттар қатысты.

    Іс-шара бағдарламасы спорттық жетістіктер көрмесі мен танымал спортшылардың қатысуымен өткен жастар форумынан басталды.

    Форумға шаңғы жарысынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2025 жылғы қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері және 2026 жылы Милан – Кортинада өткен қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы Н. Башмаков қатысты.

    Сондай-ақ биыл чехиялық Оломоуц қаласында өткен паражеңіл атлетикадан World Grand Prix кезеңінде қола медаль жеңіп алған Әсем Жанадилова да жастармен тәжірибесімен бөлісті. Алдағы аптада спортшы Жапонияның Нагоя қаласында өтетін Параазия ойындарында Қазақстан намысын қорғайды.

    Форумға қатысқан Қ. Нұрғожин – гір спорты бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткері.

    Белгілі спортшылар жастардың сұрақтарына жауап беріп, өздерінің спорттағы жетістіктері мен тәжірибелері туралы әңгімеледі.

    Сонымен қатар балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде штангалардың төрт жиынтығы таныстырылып, ауыр атлетика және гір спорты бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

    Іс-шараның басты бөлігі – марапаттау рәсімі. Жоғары спорттық жетістіктері үшін спортшыларға, параспортшыларға, жаттықтырушыларға, волонтерлер мен меценаттарға алғыс хаттар және 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі ақшалай сертификаттар табысталды.

    Бұдан бөлек, аудан әкімі Е. Жүсіпбеков балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне 2 миллион теңгенің сертификатын табыстады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жарқайың ауданының әкімдігі" жаңалықтары