Державинск қаласының шағын алаңында «Күз сыйы» атты жарқын күзгі мереке – байқау өтті.

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Державинск қаласының шағын алаңында «Күз сыйы» атты жарқын күзгі мереке – байқау өтті.
    Мереке аясында ауданымыздың қала, ауыл және ауылдық округ тұрғындары қатысқан жәрмеңке мен көрме ұйымдастырылды. Қатысушылар күзгі өнімдерін, молшылықтың жемісін, қолөнер бұйымдары мен шығармашылық композицияларын ұсынды.
    Мерекелік бағдарлама барысында әр номинация бойынша өткен онлайн бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
    Ал Мәдениет үйінде көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған балалар дефилесі байқауы ұйымдастырылды. 👗✨
    🔹 Байқау жеңімпаздары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
    «Күз сыйы» мерекесі шығармашылықты, дәстүрді, еңбекті және туған жеріміздің берекесі мен молшылығын тоғыстырған жарқын шараға айналды! 🍁🌾
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары