Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету туралы

    Аталған тәртіп мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, оның ішінде оларды ауыстыру мерзімдерін ескере отырып, мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету қағидаларымен реттеледі.

    Қ амтамасыз ету мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

    Қажетті құралдарды алу үшін м үгедектігі бар адамның абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігі негіз болып табылады.

    Жеке бағдарлама халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерді ескере отырып әзірленеді.

    Яғни қажетті құралдардың түрі кездейсоқ анықталмайды. Ол нақты адамның қажеттіліктеріне және оның жеке бағдарламасында көрсетілген ұсынымдарға сәйкес белгіленеді.

    Ө тініш берудің бірнеше тәсілі көзделген.

    Азамат немесе оның заңды өкілі:

    · Мемлекеттік корпорация арқылы;

    · жұмыспен қамту бөліміне;

    · веб-портал арқылы;

    · жекелеген жағдайларда ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы , азаматтың тікелей өтінішінсіз проактивті қызмет тәртібімен өтініш бере алады.

    Егер ұсынылған құжаттар топтамасы белгіленген талаптарға сәйкес келсе, маман құжаттарды 5 жұмыс күні ішінде қарайды.

    Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы өтініш берушіге SMS-хабарлама арқылы ақпарат беріледі.

    Техникалық құралдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылуы мүмкін.

    Әлеуметтік қызметтер порталы – мүгедектігі бар адамдар үшін өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді ұсынушылардан алуға мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық қолжетімділік нүктесі.

    Осылайша азамат заңнамада көзделген жағдайларда портал арқылы қолжетімді тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ішінен өзіне қажетті құралды таңдау мүмкіндігіне ие болады.

    Протездік-ортопедиялық көмек – бұл құралдармен қамтамасыз етуді ғана емес, сонымен қатар оларды пайдалануды үйретуді де қамтиды.

    Протездік-ортопедиялық құралдардың әртүрлі түрлері үшін оларды дайындау мен ұсынудың тиісті мерзімдері белгіленген.

    Мысалы, бастапқы стационарлық протездеу 20 жұмыс күніне дейін, қайталама протездеу – 7 жұмыс күніне дейін жүзеге асырылады.

    Күрделі протездік-ортопедиялық құралдарды дайындау мерзімі 45 жұмыс күніне дейін, ал шағын протездік-ортопедиялық құралдар бойынша 7 жұмыс күніне дейін болуы мүмкін.

    П ротездік-ортопедиялық көмекті алу кезінде азаматтың жол жүруіне және болуына байланысты шығыстарды өтеу мәселелері де қарастырылған.

    Сонымен қатар мемлекеттік қызметті сапалы көрсету үшін құжаттарды дұрыс рәсімдеу және анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою маңызды.

    Барлық қатысушылардың басты міндеті – белгіленген рәсімдерді сақтау ғана емес, ең алдымен, мүгедектігі бар адамға қажетті құралдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, оның дербестігіне, әлеуметтік бейімделуіне және қоғам өміріне толыққанды қатысуына жағдай жасау.

    https://www.instagram.com/reel/Dfj32TMIvPa/?utm_source=ig_web_copy_link&mdxt=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары