АУДАН ӘКІМІ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН БАҚЫЛАДЫ

    1 / 3
    Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов жұмыс жоспарына сәйкес Қызылқия және Тұрбат ауылдық округтерінде жүргізіліп жатқан автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарымен танысты.
    Атап айтқанда, Қызылқия ауылдық округіне қарасты Ынталы елді мекеніндегі Т.Жаңабаев, Ж.Тұрсынқұлов және Серкебаев көшелерін орташа жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «Асем-Жарық» ЖШС жүргізуде.
    Қазіргі таңда Т.Жаңабаев (3,14 шақырым), Ж.Тұрсынқұлов (1,6 шақырым) және Серкебаев (1,27 шақырым) көшелеріне асфальт жабындысын төсеу жұмыстары атқарылуда. Жалпы жөнделетін жолдың ұзындығы – 6,01 шақырым.
    Сонымен қатар Тұрбат ауылдық округіне қарасты Тұрбат елді мекеніндегі А.Байтұрсынов, Е.Исакулов, Болашақ, Л.Жолдыбаева, Бостан, Бейбітшілік және Қаржан автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаның мердігері – «Tauekel Group Kz»
    Бүгінде Л.Жолдыбаева (1,03 шақырым), Бостан (2,236 шақырым) және Бейбітшілік (1,685 шақырым) көшелеріне асфальт жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған көшелер бойынша жөнделетін жолдардың жалпы ұзындығы – 4,951 шақырым.
    Аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы құрылыс жұмыстарының сапасына, белгіленген мерзімде аяқталуына және жол жөндеу кезінде құрылыс талаптарының қатаң сақталуына назар аударды. Мердігер мекеме өкілдеріне жұмыстарды сапалы әрі уақытылы орындау жөнінде нақты тапсырмалар берді.
    Жол инфрақұрылымын жақсарту – елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары